Павлодарда автобус жүргізушісі трамвай бағанасына соғылып, көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы Назарбаев-Қазправда көшелерінің қиылысында болды

Фото: Irbistv

Павлодарда автобус рульге ие бола алмай, трамвай бағанасына соғылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Назарбаев-Қазправда көшелерінің қиылысында болды.

Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

«Автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, трамвай бағанасына соғылды. Ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, соқтығысудың алдын ала себебі – инфаркт», - делінген хабарламада.

Оқиға анықталып жатыр, сараптама тағайындалды.