СҚО-да өрттен ондаған адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ қызметкерлері өртте 26 адам эвакуациялады

Фото: istockphoto.com

Петропавл қаласында өрт сөндірушілер 26 адамды құтқарды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, Петропавл қаласында бір қабатты жеке қонақ үй кешеніндегі саунада өрт шыққан.

«Қызыл жалын толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ, алдын-ала себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.