«Көжектер ұйықтап жатыр»: ТЖМ өртке байланысты ескерту жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар адам қолымен жасалатын өрт жабайы табиғатқа зиянын тигізетінін айтты

Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі құрғақ шөпті өртеу бойынша қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министрлік мәліметінше, құрғақ шөпті өртеу – көбінесе адамдардың кінәсінен болатын табиғи апат.

«Көптеген кішкентай қояндар наурыз-мамыр айларында туады. Олар жыртқыш аңдардың көзінен тасада қорғалып,  бұталардың астында шөптермен, қамыстарда және орманның шетінде, орналасады.

Адамдардың мұқиятсыздығының кесірінен өрт шығып, өлімге әкелуі мүмкін. ТЖМ азаматтарға қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады», - делінген хабарламада.