Түркістан облысында жоғалып кеткен бүлдіршіннің мәйіті дәретхана шұңқырынан табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында із-түзсіз жоғалып кеткен

Фото: instagram.com/_volontery_shymkent_lider.kz

Түркістан облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен үш жасар қыз баланың мәйіті табылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үш жасар Асылым 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында жоғалып кеткен. Таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында қақпаның жанында ойнап жүріп, артынша із-түзсіз жоғалып кеткен.

Құтқарушылар мен сүңгуірлер каналдар мен ауладағы септиктерді, құдықтарды тексерген. Іздестіру шарасына полиция, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Үш күннен кейін қыздың денесі дәретханадан табылды.