Атырау облысында су тасқыны қаупіне орай жүк автокөліктерінің қозғалысына шектеу қойылды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыстық полиция департаменті ескерту жасады

Фото: ҚР ТЖМ

18 мамыр сағат 20:00-ден бастап су деңгейінің көтеріліп, тас жолдарға қауіп төндіруіне байланысты облыстағы республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Атырау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, Атырау-Орал, Атырау-Индер тас жолдарында жүк автокөліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Алайда жүк автокөлігінің жүргізушілеріне Атырау-Астрахань, Атырау-Ақтөбе тас жолдарының ашық екені ескеріледі.