Астанада қазақстандық әртістердің концерті өтпейтін болды

Автор: Azattyq Rýhy

Билет сатып алғандардың қаражаты толықтай қайтарылады

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада 18 мамыр күні Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жоспарланған концерт ұйымдастырушылық себептерге байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Хит жұлдыздар ән кеші» концертіне Sadraddin, Adam, Qanay, Baller, Тұрар Ыдырыс, Жігер Ауыпбаев қатысуы керек еді.

 Жеке ұйымдастырушының ұйымдастырушылық мәселелеріне байланысты іс-шара өтпейтін болды.

Ұйымдастырушылар билет сатып алғандардың қаражаты толықтай қайтарылатынын мәлім етті.