ҰҚК мәлімдеме жасады
ҰҚК баспасөз қызметі Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Комитетттің мәліметінше, Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.
Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы бақылау-өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеуде, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары Бішкек қаласындағы қалыптасып отырған жағдай туралы үздіксіз ақпарат алмасып отыр.