Жеке үйден өрт шықты
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 18 мамырға қараған түні Ақтөбе облысындағы Мәртөк ауданының Достық ауылында жеке үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған үйден 1955 және 1958 жылы туған екі адамның мәйітін тапты.
«Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары 90 шаршы метр аумақты сөндірді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деп хабарлайды ҚР ТЖМ.