Мысыр пирамидалары қалай салынғаны анықталды
Америкалық ғалымдар Мысыр пирамидаларының тағы бір құпиясын ашқанын мәлімдеді. Бүгінге дейін пирамидаларды жасаушылардың Гизадағы 31 пирамида салу үшін тастарды қалай тасымалдағаны белгісіз болды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Уилмингтондағы Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары тобы пирамидалар Ніл өзенінің біріне жақын жерде салынған болуы мүмкін екенін анықтады.
Египтологтар ежелгі мысырлықтардың жақын маңдағы өзендер мен арналардың бойында пирамидалар салу үшін материалдарды тасымалдағанын көп жылдан бері біледі.
«Осы уақытқа дейін бұл негізгі су жолы қай жерде, оның пішіні қандай және пирамидаларға қаншалықты жақын екенін ешкім нақты білген жоқ», - дейді зерттеу авторларының бірі, профессор Эман Гонейм.
Ежелгі өзен арнасының нақты қай жерде орналасқаны туралы білу алу үшін халықаралық зерттеу тобы аймақтың спутниктік суреттерін, тарихи карталарын, геофизикалық сипаттамаларын және шөгінділердің өзектерін (шөгінді қабаттарын көруге мүмкіндік беретін бұрғылау арқылы алынған топырақ үлгілері) зерттеді.
Ғалымдардың пікірінше, Нілдің бұл саласы бірнеше мың жыл бұрын көптеген құмды дауылдар мен құрғақшылықтардың нәтижесінде тартылып қалған.
Ғалымдар Nature журналында жарияланған зерттеуде АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігінің радарын пайдалана отырып, зерттеушілер «құмды жердің арасынан жасырын жердің фотосуреттерін анықтауға» мүмкіндік алды.
Профессор Гонеймнің айтуынша, бұл рельефтің бір бөлігі Мысыр пирамидаларының басым көпшілігі орналасқан аймақта орналасқан «тартылған өзендер мен ежелгі құрылыстар» болды.
«Бұл өзеннің орналасқан жері және ауыр блоктарды, жабдықтарды, адамдарды және басқа нәрселерді тасымалдауға жарамды су жолы бар екендігі туралы мәліметтерге ие болдық. Сол себепті пирамидалардың қалай салынғаны туралы нақты түсінік бар», - деді зерттеу авторларының бірі, доктор Сюзан Онстин
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, Ніл өзенінің Ахрамат (бұл сөз араб тілінде «пирамидалар» деген мағынаны білдіреді) деп аталатын саласының ұзындығы – шамамен 64 шақырым, ал ені 200-ден 700 метрге дейін болған. Ол шамамен 4,7 мыңнан 3,7 мың жыл бұрын салынған Гиза пирамидаларының жанында орналасқан.
Ғалымдардың Ніл өзенінің жоғалып кеткен саласын табуы Ежелгі Египеттің Орта Корольдігінің жерлеу орындары орналасқан Гиза мен Лишт ауылы арасында көптеген пирамидалар салынғанын анықтауына көмектеседі. Қазір бұл аймақ шөл болып тұр.
Сюзан Онстиннің айтуынша, ежелгі мысырлықтар тек адам еңбегіне сенбей, ауыр блоктарды тасымалдау үшін өзеннің күшін пайдалана алған.
Ғалымдардың пікірінше, ежелгі мысырлықтардың өмірі негізінен Ніл өзеніне байланысты болған.