БҚО-да «ғажайып көрпені» 300 мың теңгеге сатқан алаяқ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

БҚО-да алаяқтар егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, түрлі ауруға ем болады деген сылтаумен «ғажайып көрпені» 300 мың теңге ақшаға бағалап, сатады. Содан әйел алдаушыларға 140 мың теңге ақшасы мен алтын әшекейлерін ұстатады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алайда бір нәрседен күдіктенген әйел дереу полиция қызметіне хабарласады. Кезекші полицейлер тәулік ішінде оқиға ізін суытпай Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстады.

Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.