Қызылорда облысында аса ірі көлемде есірткі саудаламақ болған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды

Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында аса ірі көлемде есірткі саудаламақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Сараптама қорытындысы көрсеткендей тінту кезінде тәркіленген ұнтақ салмағы 261 гр. болатын α-PVP психотроптық заты екені анықталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды, тергеу жалғасып жатыр.