Бүгін Астанада ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Қалған өңірлерде метеорологиялық жағдай бірқалыпты

Фото: istockphoto.com

Бүгін Астанада ауа сапасы біршама нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 17 мамыр, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.