Семейде жоғалып жеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр

Фото: polisia.kz

Семейде жоғалып жеткен ағайынды жасөспірімдердің бірінің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

16 және 18 жасар жеткіншектерді Іздеу шаралары Ұлттық ұлан, полиция, құтқарушылар, еріктілер, сондай-ақ белсенді азаматтарды тарта отырып жүріп жатыр.

15 мамырда 18 жасар қыздың денесі «Құрылысшы» профилакториясының маңында судан табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Кәмелетке толмаған екінші баланы іздеу жалғасып жатыр.