Қауіпсіздік қызметкерлері премьер-министрді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді
Бүгін Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоға Гандлов қаласында үкіметтің көшпелі отырысы өткеннен кейін халық алдына шыққан кезде қастандық жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті БАҚ оқиға орнынан түсірілген видео жариялады. Қауіпсіздік қызметкерлері премьер-министрді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.
Алдын ала мәлімет бойынша, премьер-министр кеуде мен іш қуысынан екі жарақат алған.
Қастандық жасаған күдікті оқиға орнында ұсталды.