Апат аймағындағы жол учаскесі жабылды
Ақсай бөгетінің аймағында топырақ опырылып, салдарынан жол жабылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін кешкі сағат 16:50-де Ақсай бөгетінің алдындағы автожол учаскесінде көлемі 3,5 текше метр топырақ құлады. Оның бір бөлігі Ақсай өзеніне түсіп, су лайланды. Судың өтуі транзиттік режимде жүзеге асырылады. Сондай-ақ апат аймағындағы жол учаскесі жабылды. Айналма жол ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ»,- делінген әкімдік хабарламасында.
Апатты жою жұмыстарына Қарасай ауданының төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамның 2 маманы, 1 техника, 4 мемлекеттік қызметкер жұмылдырылды.