Атыраудағы Құрсай каналынан ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот-медициналық сараптама тағайындалды

Фото: polisia.kz

Атырау облысындағы Құрсай каналынан 13 мамыр күні сағат 18:20-да ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті  АқЖайық басылымына сілтеме жасап.

Су бетінде қалқыған денені жергілікті тұрғындар тауып алып, құтқарушыларға хабарлаған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәйітті полицияға тапсырды.

Жылыой аудандық полиция бөлімі 13 мамыр күні сағат 17.00-де 8 күн бұрын жоғалып кеткен 2003 жылы туған ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Дене жарақатының белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.