Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді
Петропавлда су басқан үйден ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
34 жастағы қала тұрғынының жоғалғаны туралы туыстары 13 сәуірде Подгора шағын ауданына су кірген күні мәлімдеді. Желіде олар ер адамның денесі бір айға жуық уақыттан кейін дәл сол жерден табылғанын жазады.
Полиция ақпаратты растады.
«12 мамырда сүңгуірлер ер адамның мәйітін сыртқы зақымданусыз тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі.