Ақтөбеде Аналар күніне орай ашық аспан астында мерекелік іс-шара өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Мерекелік жиында әлемге танымал тұлғалардың шығармалары орындалды

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбеде мамыр айының екінші жексенбісі Аналар күніне орай «Дирижёр» атты камералық оркестрдің сүйемелдеуімен ашық аспан астында мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мерекелік іс-шара Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы мен А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің бірлесе отырып ұйымдастыруымен өтті.

Триатлон саябағында өткен шарада әлемге танымал С.Проақткофьев, В.А. Моцарт, А.Пьяцолла, Э. Григ, Кұрманғазы Сағырбайұлының шығармалары орындалды.

Мерекелік жиында қала тұрғындары мен жастары оркестрді дирижёрлау мүмкіндігіне ие болып, ерекше көңіл күймен тарқасты.