Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті
Төтенше жағдайлар министрлігі Жайық өзеніндегі жағдай туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атырау облысында су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді.
«ҚР ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізуде. ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді», - делінген хабарламада.
Соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келуде. «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамыр сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:
Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі арту күтілуде.