Қостанай облысында 5 тоннаға жуық пішен өртеніп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндірді ңк

Фото: ҚР ТЖМ

Қостанай облысында өрт сөндірушілер қызыл жалынға оранған орама пішенді сөндірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Қарасу ауданында жеке ауланың аумағында жалпы алаңы 50 шаршы метр болатын 2 шаруашылық ғимаратпен былтырғы жылғы 5 тоннаға жуық орама пішен өртенді.

Қазір өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.