Оқиға Берлинде өтті
Берлин университетінің 100-ден астам профессоры Израильге қарсы шеруге шыққандарға қолдау білдірді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Доценттер мен профессорлар Берлиндегі университетте полицияның операциясына қарсылық білдіріп, ашық хат жариялады. Бұл маңайда тәртіп сақшылары Израильге қарсы шыққандардың шатырлы лагерін таратып жіберді.
Хатқа Гумбольдт университетінің профессоры, Германияның көші-қон және интеграциялық зерттеулер институтының жетекшісі 52 жастағы Наика Форутан қол қойды.