Алматыда Жеңіс күні мерекесі қалай атап өтіліп жатыр? (Фото)

Автор: Azattyq Rýhy

Әртістер соғыстан кейінгі жылдардағы майдан әндері мен әуендерін орындады

9 мамырда сағат 09:30-да Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеу аясында 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҰОС ардагерлері осы салтанатты рәсімге қатысып, қан майданда бастан кешкен оқиғалары туралы айтты.

Сағат 10:00-де саябақ алаңында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қазақстандық әртістер соғыстан кейінгі жылдардағы майдан әндері мен әуендерін орындап, ардагерлерге амандық тіледі.

Сонымен қатар, қала бойынша ескерткіштер мен мемориалдарға  гүл шоқтары қойылды. Құрметті қонақтар қатарында ардагерлер, тыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері мен әскери қызметшілер бар.