Олардың арасында 10 бала бар
Семей қаласында бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде электр қалқаны жанып кетті. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Баспалдақ маршы арқылы құтқарушылар 2 ересек адам мен 1 баланы құтқарды. Сондай-ақ 40 адам, оның ішінде 10 бала өздері эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.