Ол мас күйде осындай қадамға бармақ болған
Ақтөбелік құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбеде ер адам 9 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
ТЖД құтқарушылары мас азаматпен келіссөздер жүргізді. Сонымен бірге, уақытты жоғалтпай, «Өмір кубын» жайып, адамды құтқару операциясына кірісті.
Оқиға орнында жедел-құтқару жасағы мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеді. Ер адам полицияға тапсырылды.