Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматтағы отырысына қатысты

Автор: Azattyq Rýhy

Отырыста одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.