Каспий теңізінде жасанды аралдар пайда болуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Аралдар қорғаныс үшін де, туристер тарту үшін де жасалады

Фото: «Вестник Кавказа»

Әзербайжан парламенті Каспий теңізінде жасанды аралдар құру туралы заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады. Жаңа аралдар бұрыннан бар аралдарға іргелес аумақтар құрылуы мүмкін. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі «Вестник Кавказа» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасанды аралдар жағалау белдеуін кеңейтуі немесе теңіздегі жеке аралдар болуы мүмкін.

Жасанды аралдар салу әлемде кең таралған тәжірибе. Аралдар қорғаныс үшін де, туристер тарту үшін де жасалады.

Шамамен он жыл бұрын Әзербайжан Хазар аралдары жобасын бастаған, бірақ жұмыс тоқтап қалды. Жоба жүзеге асса, туристерді қызықтыратын жаңа орынға айналуы мүмкін.