Әлімханұлы доминикандық боксшыны біріккен жекпе-жекке шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Әлімханұлының менеджері осыған қатысты пікір білдірді

Фото: Sports.kz

WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Эгис Климас боксшының WBC тұжырымы бойынша жаңа чемпион, доминикандық Карлос Адамеспен біріккен жекпе-жек өткізуге дайын екендігі туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, WBC орта салмақтағы әлем чемпионы Джермалл Чарлоны белбеуден айырып, Адаместі осы титулдың жаңа толық иегері етіп тағайындады. Ол бұрын белбеудің «уақытша» нұсқасына ие болған.

Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде Адамеске WBO, WBC, IBF және The Ring титулдары үшін жекпе-жек ұйымдастыруға шақырып, Климастың парақшасын белгілеген.

«Бокс жанкүйерлері бұл жекпе-жекті ләззат алып көретін болады», - деп жауап берді Эгис.