ШҚО-да жұмысына кеткен ер адамның денесі жарты жылдан кейін табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 2023 жылдың желтоқсан айының соңында болған

Фото: YK-news.kz

Шығыс Қазақстан облысында қыста жұмысына кетіп, артынша жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылдың желтоқсан айының соңында 36 жастағы Рамиль Ғазизов Риддерден 50 шақырым жерде орналасқан учаскеге жұмысына кеткен. Әпкесінің айтуынша, бұл жерде ағаш кесу жүріп жатқан, ал бауыры күзетші болып кеткен. Осы кеткеннен хабар-ошарсыз кеткен. Ал күзетшілер отыратын орынның терезесі шағылып, ішінде заттары шашылып жатқаны белгілі болады.

Рамильдің әпкесі оның қалдықтары дәл сол орыннан шамамен 100 метр жерде табылғанын хабарлады.

«Бірнеше күн бұрын түсімде Рамиль өзін қай жерден табуға болатынын көрсетті. Мен сол орынға, яғни шырша жанына еңбектеп бардым. Оны киіміне қарап таныдық, бірақ сараптама қорытындысын күтіп отырмыз», – деді жоғалған жігіттің әпкесі.