Давиде Баллерин 6-шы болып мәреге жетті
«Джиро д’Италия» веложарысының төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Кезеңнің жеңімпазы италиялық Джонатан Милан атанды. Екінші орынды австралиялық шабандоз Каден Гроувз иеленді. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына неміс спортшысы Фил Баухаус көтерілді.
«Астананың» италиялық өкілі Давиде Баллерини 6-шы болып мәреге жетті.