«Рухты Ақтөбе»: жастар арасында әскери-патриоттық турнир өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Әскери-патриоттық тәрбие – ел ертеңінің тірегі

«Рухты Ақтөбе» әскери-патриоттық турнирінде ер азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың Отанға деген махаббатын арттыру мақсатында Ақтөбе облысының маслихат депутаты Марат Қойлыбаев және қалалық мәслихат депутаты Абай Дидарұлы жастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Рухты Ақтөбе» жастар арасындағы әскери-патриоттық турнирінің үздіктері анықталды. Олар:

  • 1-орын: ҚР IIM М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты;
  • 2-орын: 30238 әскери бөлім;
  • 3-орын: ҚР ҚМ Әскери иеленді.

Мәслихат депутаттары Марат Қойлыбаев пен Абай Дидарұлы қала әкімі Азамат Бекеттің атынан турнир жеңімпаздарын дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, барлық қатысушы командаларға алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қатар, турнир соңында қала әкімі атынан қаладағы әскери бөлімнің үздік офицерлері және 6655 әскери бөлімінің 1-23 шақырылымының үздік сарбаздары марапатталды.