Бұған дейін шығарылған сот үкімі күшін жойды
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының заңгері Ирина Эмді өлтіру күдігімен сотталғандарға қатысты алдында шыққан сот үкімінің күші жойылып, қылмыстық іс қайтадан қарауға жіберілді. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қарағанды облыстық сотымен Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 16 ақпандағы Ж., Р.-ға қатысты үкімінің күші жойылды және қылмыстық іс өзге құрамдағы алдын ала тыңдау сатысынан бастап сол сотқа жаңа қарауға жіберілді», - делінген хабарламада.
Бірінші сатыдағы сотта іс алқабилердің қатысуымен қаралды, олардың үкімімен мынандай айыптау үкімі шығарылды: