$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында қозғалыс уақытша шектелді

Жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында қозғалыс уақытша шектелді
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында (БАКАД) төсемдегі жол белгілерін жаңарту жұмыстары басталды. Осыған байланысты мамыр айында кейбір жолақтарда қозғалысты уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл шаралар жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Жаңартылған белгілер жолақтардың шекараларын анық көрсетеді, бұл өз кезегінде жүргізушілерге бағыт-бағдарды жақсартуға көмектесіп, төтенше жағдайлар қаупін азайтады», - делінген хабарламада.

Осы ретте Автомобиль жолдары комитеті қозғалысқа қатысушыларды аталған жұмыстардың орындалу кезеңінде жолда қырағы болуға шақырады.

Жол белгілерін жаңарту жұмыстарын айдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары