Бұл туралы «VITA» іздестіру жасағының еріктілері хабарлады
Павлодарда 15 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Руслана Ткаченко кеше, 1 мамыр күні Радио зауыттағы үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Бұл туралы «VITA» іздестіру жасағының еріктілері хабарлады.
Руслананың бойы – 156 сантиметр, арықша келген, шашы ақсары түсті. Үстіне қызыл капюшоны бар жемпір, ашық көк түсті леггинс және қара аяқ киім киген.
Жоғалған қызды көрген-білгендер болса мына нөмірлер бойынша қоңырау шалуларыңызды сұрайды: +7 747 615 5563 немесе +7 777 334 8201.