Құлсарыда 300-ден астам үй су астында қалып отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Су сору жұмыстары тәулік бойы жалғасуда

Фото: t.me/qr_tjm

Атырау облысының Құлсары қаласында 300-ден астам жеке тұрғын үй су астында қалуда.  Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құлсарыда су тасқыны болған сәттен бастап ҚР ТЖМ құтқарушылар күшімен 2564 үйден су сорылып шығарылды. Жұмыс тәулік бойы жалғасуда.

Қазірдің өзінде 3 миллион текше метрден астам су сорылды.