Республика бойынша жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша бүгінге, 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, соның ықпалынан шығыста жаңбыр жауады. Қарағанды, Абай, Жетісу облыстарында түнгі уақытта жауын-шашын, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыста тұман түседі. Түнде Қарағанды облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында 1-3 градус аяз күтіледі.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атыраудың оңтүстік, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.