Әуежайдың ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізіледі
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайы 1 мамырдан бастап түнгі рейстерді уақытша қабылдамайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге өзгерістер енетінін хабарлаймыз. 2024 жылғы 1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00-ден 06:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады», - делінген қалалық әуежай таратқан хабарламада.