Ондаған зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды
Қытайдың Гуандун провинциясындағы Мейда шоссесінің екі жолағы құлап, адамдар үйінді астында қалды. Соңғы деректер бойынша, қаза тапқандар саны 24-ке жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ондаған зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдай Гуандунды Фудзянь провинциясымен байланыстыратын трассада болды.
Оқиғадан кейін бірден 19 адамның қайтыс болғаны хабарланды. 18 көлік үйінді астында қалған.