ТЖМ психологтары да эвакуациялық пункттерде азаматтармен жұмыс жүргізуде
Су тасқыны басталғалы бері ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері 800-ге жуық адамға медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының 7 бригадасы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына көмек көрсетуде, сондай-ақ ТЖМ психологтары эвакуациялық пункттерде азаматтармен жұмыс жүргізуде.
Жедел желі телефонына 2 258 қоңырау түсті.