Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, бірнеше адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың арасында бүлдіршін де бар

Фото: ҚР ТЖМ

ШҚО-да көпқабатты үйлердің бірінде пәтер өртенді. Құтқарушылар 5 тұрғынды эвакуациялады. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өскемен қаласында бес қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері 5 тұрғынды эвакуациялады, олардың біреуі бала. Өрт 3 шаршы метр аумақта жойылды.

«Бұл ретте ТЖМ тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрап отыр. Сондай-ақ, өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет», - делінген хабарламада.