Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Өскемен қаласының Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны хабарласып, бейтаныс қыз оның Toyota Progres көлігін ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жүргізушіні ізін суытпай ұстаған тәртіп сақшылары алысқа кетуіне мүмкіндік бермеді.
Таңғы сағат бесте Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны жақын танымайтын қыздың оның Toyota Progres маркалы көлігін заңсыз иемденіп, белгісіз бағытқа кетіп қалғаны туралы өтінішпен жүгінген.
«Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері көліктің бағытын анықтаған. Ұстауға жіберілген патрульдік полиция экипажының қызметкерлері оның ізіне түсу арқылы іздестірудегі көлікті ұстаған, оның тізгінінде орташа дәрежедегі масаң күйдегі 27 жастағы қала тұрғыны болған. Қылмыс үстінде ұсталған әйел қылмыс жасағанын мойындаған.
Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген полиция хабарламасында.