Бетперде тағып жүру режимінің күші жойылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді

Фото: istockphoto.com

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова «Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы» 2024 жылғы 8 ақпандағы қаулысының күшін жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 8 ақпандағы No 2 қаулысының күші жойылсын», делінген қаулы мәтінінде.

Айта кетейік, қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.