Ертеңнен бастап елордада тағы бір көше ішінара жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта Игілік көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Фото: istockphoto.com

Ертеңнен бастап елордада тағы бір көше ішінара жабылады. 2024 жылдың 30 сәуірінен 6 мамырына дейінгі аралықта елорданың Игілік көшесі Жаңажол көшесінен Тайбұрыл көшесіне дейінгі учаскесі ішінара жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта Игілік көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз жүріс бағдарын алдын ала жоспарлап алуды, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі жол қозғалысы өзгеретіні хабарланған болатын. Сондай-ақ Сығанақ көшесі 2024 жылғы сәуірден қарашаға дейін ішінара жабылады. Бұл реттегі шектеу шаралары LRT құрылысы жұмыстарымен байланысты.