Мәскеуде болған террорлық шабуылды ұйымдастырды деген күдікпен Тәжікстанның бірнеше азаматы ұсталған
Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі Telegram каналында өз азаматтарын Ресейге бармауға кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына Ресей аумағына көліктің барлық түрлерімен шұғыл қажеттіліксіз уақытша барудан бас тартуды ұсынады»
Айта кетейік, наурыз айында Мәскеуде болған террорлық шабуылды ұйымдастырды деген күдікпен Тәжікстанның бірнеше азаматы ұсталған болатын.