СҚО-ның Сергеев су қоймасында су тасқынының шыңы өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Петропавл қаласында 242 адам екі жаңа жатақханаға қоныстанды

Фото: pkzsk.info

СҚО-ның аудандарында және Петропавл қаласында су тасқынынан кейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 85 бригада құрылды. СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин ОКҚ алаңында өткен брифингте атап өткендей, бүгінде 2 349 отбасы 100 АЕК мөлшерінде жалпы сомасы 867 млн теңге біржолғы төлем алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сергеев су қоймасында су тасқынынының екінші толқынының шыңы өтті. Қазіргі уақытта бөгеттен аққан су 242 см, ол 121 см төмендейді.

Петропавл қаласында 242 адам екі жаңа жатақханаға қоныстанды, онда олар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Келтірілген материалдық залал үшін өтемақы алуға өтініштерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

«Аудандарда және Петропавл қаласында зардап шеккен тұрғын үйлерді бағалау бойынша топтар құрылды. Бүгінгі таңда 369 үйден су кетіп, 62 үйге техникалық тексеру жүргізілді, 252 үйге бағалау жүргізілді. Жұмыс жалғасуда. Су тасқынының салдарын жою, қалпына келтіруге жатпайтын тұрғын үйді бөлшектеу, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін 85 мехбригада құрылды», - деді спикер.