Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада қалалық сенбілікке қатысты

Автор: Azattyq Rýhy

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті.