Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады.
Бүгін, яғни 20 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар өңірінде жел күшейіп, найзағай жарқылдап, тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Дегенмен, еліміз аумағының басым бөлігінде күн райы ашық болады. Тек солтүстік-батыста ауа ағынының әсерінен кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін.
Жамбыл облысының кей бөлігінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз кей аумақта желдің жылдамдығы 18 м/с жетуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей аумағында күндіз найзағай болып, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсуі ықтимал.