COVID-19: Қазақстанда тағы екі адам көз жұмып, вирус жұқтырғандар саны 1711-ге жетті

Автор: Azattyq Rýhy

19 сәуір күні түнде коронавирус жұқтырған 35 адамның анықталғаны айтылды

Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1711 адамға жетіп, олардың 19-ы қайтыс болды деп хабарлайды Мемлекеттік клмиссияның шұғыл штабы.

Соңғы дерек бойынша коронавирус жұқтырған тағы 35 адам тіркелген. Олардың ішінде: Алматыда – 6, Шымкентте – 5, БҚО-да – 16, СҚО-да – 1, Қызылорда облысында – 1, Алматы облысында – 3, Түркістан облысында 3 адам бар.

Сонымен қатар, 19 сәуір күні түнгі 23:10-да Алматыда екі науқастың көз жұмғаны да хабарланды. Олардың бірі – 1958 жылғы, екіншісі – 1931 жылғы жергілікті тұрғындар.