Тергеу барысында ұрланған 150-ге жуық кітап табылды, олардың шығу тегі қазір анықталуда
Ұрылар Александр Пушкин немесе Николай Гоголь сияқты орыс жазушыларының сирек кездесетін кітаптарын көздеген. Кітапханаға барған кезде олар түпнұсқаны қолдарына алып, оның орнына жоғары сапалы жалған көшірмені қайтарып берген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Еуропа кітапханаларынан сирек кездесетін 170-ке жуық антиквариат кітабын ұрлап, 2,5 миллион еуроға қаржылық шығын келтірген қылмыстық топ бүгінде ұсталды. Халықаралық тергеу аясында ұсталған тоғыз қылмыскер Грузия елінің азаматтары болып шықты.
Еурополдың хабарлауынша, бұл ұрланған артефактілердің кейбірі Санкт-Петербург пен Мәскеудегі аукциондарда сатылған.
Кейбір жағдайларда олар ашық әрекет етіп, жай кітапханаларға кіріп, қызығушылық тудыратын кітаптарды ұрлаған.
Тергеу барысында ұрланған 150-ге жуық кітап табылды, олардың шығу тегі қазір анықталуда.