Түркия ғалымы ғарышкерлерді ғарыштағы радиациядан қорғайтын крем жасап шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

Қорғаныс құралы сарышаянның терісінен алынған

Фото: www.aa.com.tr

Стамбулдағы Бируни университетінің ғалымдары ғарышкерлерді ғарыштағы радиацияның жоғары деңгейінен қорғауға арналған сарышаян терісінен крем жасап шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолы сайтына сілтеме жасап.

Жұмыстар университеттің фармацевтика факультетінің деканы, профессор Исмаил Тунжер Дегимнің басшылығымен жүргізілді.

Дегим аэроғарыштық фармация саласындағы зерттеулерге маманданған.

Ол ғарышта адам жерге қарағанда радиацияға көбірек ұшырайтынын атап өтті.

«Радиацияға ең төзімді – хитин қабаты бар тіршілік иелері ол - сарышаяндар. Олар терінің ішіндегі гиалин қабатының арқасында радиацияны өздері сіңіреді», - деп түсіндірді ол.

Оның сөзінше, сарышаянның терісі ультракүлгін сәуле мен сәулеленуден қорғайды.

Профессордың айтуынша, ғарыш кеңістігінде болған кезде жердегі сәулеленуден 10-50 есе көп сәулелену дозасын алуға болады.

Исмаил Тунжер Дегим Бируни университетінде аэроғарыштық фармацияны зерттеуді 2018 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан ғалым.