Күн райы өңірлерде құбылмалы болмақ
Қазгидрометтің болжамы бойынша тоғыз облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Өңірлерде екпінді жел соғып, кей аймақта жауын-шашын күтіледі.
Ұлытау облысы
Түнде Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысы бойынша солтүстік-шығыс пен шығыста жел, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел болады деп күтілуде.
Жетісу облысы
Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с. Талдықорған қ.: күндіз 26 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
Түнде және таңертең Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 26 сәуірде жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Алматы қ.: 26 сәуірде түнде және таңертең қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 26 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Ақмола облысы
Ақмола облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Атырау облысы
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
Ақтөбе облысы
26 сәуірде Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с күтіледі.
Абай облысы
Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ.: 26 сәуірде жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 26 сәуірде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Түркістан облысы
26 сәуірде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қаласы
Кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15- 20 м/с. Түркістан қ.: 26 сәуірде кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15- 20 м/с.
Жамбыл облысы
25 сәуірде күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, 26 сәуірде түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 24-26 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 24 сәуірде күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
2024 жылдың 20-26 сәуір аралығында Ақмола облысынан бүйірлік ағындардың (Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендері) келуіне байланысты, Есіл өзені бойындағы Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Кызылжар және Есіл аудандарында су деңгейінің көтерілуі (су тасқынының екінші толқыны) және қауіпті деңгейден асуы күтілуде.